Жаңалықтар
09 қыркүйек 2022 ж, 13:37
ҰЛТЫМНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ
Ахмет Байтұрсынұлының есімі - Қазақ үшін қасиетті есім.
Ол өз ұлтының бағы жану үшін өмірдің барлық саласына араласты. Бұған оның атақ-даңқы дәлел. Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ретінде жақсы біледі.
Ұлт ұстазының тағылымды есімін ұлықтауға үлес қосқан игі шаралардың бірі осы аптада біздің оқу орнымызда да өтуде. Колледждің Жастар комитетінің жетекшісі Назерке ЖАҚСЫҒҰЛОВА ұйымдастырған шаралар өз мақсаттарына жеткізіле атқарылуда. "Қазақ тілі - тұғырым" атты аталмыш апталықтың аясында бүгін А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған "Ұлтымның ұлы ұстазы" атты колледжішілік Ахмет өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мәнерлеп оқу сайысына негізінен 1 курс білім алушылары қатысып, қара өлеңнің, поэзияның қадір-қасиетіне дендей алатындақтарын танытып, көрермендер мен қазылар тарапынан жоғары ықыласқа ие болды. Қазылар алқасының төрағасы болған Қызылорда қалалық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы, колледж оқытушысы Бағдат МӘМБЕТОВ оқушылардың жеке шеберліктеріне тоқталып өтті және "Қазақ тілі" қоғамының "Алғыс хаттарымен" марапаттады.
Сайыс қортындысында өзгелерден оза шапқан Тж-22-9-1 оқу тобының білім алушысы Абзал УТЕБАЕВ 1-орынды алса, 2-орынды да осы торптың оқушысы Жолдас АМАНЖОЛОВ иеленді. 3-орынға А-22-11 оқу тобының білім алушысы Ақерке ЕСЕНҚЫЗЫ лайық деп танылды. Қалған қатысушылардың барлығы колледж директорының "Алғыс хатымен" марапатталды.

216