Жаңалықтар
28 қыркүйек 2022 ж, 16:40

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

28 қыркүйек – заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні. Жаһан оқырмандары тарапынан «Әлемнің Әуезовы» деген құметке ие ұлы суреткердің туғанына биыл 125 жыл. Әуезов шығармалары бүгіннің ғана әңгімесі емес, ертең де жалғасын табатын дүние. Ұлт жоғалтқаны болса, Әуезов әлемінен табары анық. Асқар Сүлейменовтің «Келер қазақтың да ішер уы мен балы – Абай» дегеніндей, келер ұрпақтың да сүйенері Әуезов шығармалары болары хақ.

Бүгін Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжіндегі «DILMAR» дебат клубының ұйымдастыруымен өткен пікірсайыс турнирінің тақырыбы – М. Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына арналды. Шара колледж әдіскері                  О. Жалғасованың алғы сөзімен басталып, жеребе тарту рәсімімен жалғасты.

Сөз сайысына түскен төрт фракция жартылай финалдық пікір бәсекесін қыздыра түсті. Алғашқы жұпта жеребе бойынша «Үкімет» атанған «Болашақ» фракциясы «Б.п. М. Әуезовтың Ашық хатын айыптайды» деген позицияны ұстанса, оппозиционер «Ділмар» фракциясы қарсы тараптың ұстанымдарын жоққа шығаруға күш салды.

Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов Сталин мен Ленин сыйлығының иегері болса да, өзінің 1927-1932 жылдары жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихы», «Хан Кене», «Қилы заман» мен тұң­ғыш әңгімелері бар екенін айта алмаған. Алаш партия мүшесі болған Әуезовке тірі қалу үшін совет үкіметі бұл еңбектерінен ресми бас тартқызған. Жазушы сол кездегі биліктің басылымдарында «бұл еңбектер Алаш партиясы тапсыр­масымен жазылғандықтан бұлардан бас тартамын» деуге мәжбүр болған. Әуезовтың Ашық хаты - ХХ ғасырдағы қазақ интеллигенциясының, тұтас халықтың қайшылықтарға толы қиын-қыстау өмірінің шытырманын ажыратып, шындығын ұғынуға мүмкіндік беретін өте күрделі тарихи құжат.

Пікірсайыс турнирі колледж әдіскері О. Жалғасованың алғысөзімен ашылды

Жартылай финалдық бәсекенің екінші жұбында Үкіметтік көзқарасты ұстанған «Тапқыр» фракциясы «Б.п. М.Әуезов «Абай жолын» жазбауы да мүмкін еді д.е.» деген қарарды қорғады. Аталмыш фракция осы қарарды қорғау барысында көптеген аргументтерді ұсына келіп, заңғар жазушының 40-жылдарға дейін Абай тақырыбында жазбай келіп, есесіне алашшылдық идеясы, ұлт-азаттық, әлеуметтік тақырыптарда жиі қалам тербегенін, соның ішінде «Хан Кене» драмасын жазып, Кенесары Қасымұлы туралы үлкен еңбекті бастамақ ниетте болғандығын тілге тиек етті. Коммунистік үкіметтің қатаң цензурасының, басына түскен қысымның кесірінен Кенесары тақырыбынан бас тартты да, Абай тақырыбына ауысып кеткен деген ұстанымды шебер алып шықты «тапқырлықтар». 

Ал оппозициялық ұстанымдағы «Алаш» фракциясы Әуезовтың әу бастан Абай тақырыбына дайындалғандығына дәлелдер келтірді. Мұхтар Омарханұлының Абай туған топырақта дүниеге келгендігін, алғаш сауат ашқан әліппесі Абай болғандығын айта келе, жазушының алғашқы пьесасы «Еңлік – Кебектің» Абайдың жары Әйгерімнің ауылында сахналанғандығын да алға тартты. 

Пікірсайыс төрешісінің шешімімен «Ділмар» мен «Алаш» фракциялары финалдық сынға өтті. Финалдық бәсекеде ұкіметтік фракция атанған «Алаш» фракциясы «Абайды Абай қылған – М.Әуезов» деген қарарды қорғады. Ф

Тартысты өткен пікірсайыс додасында төрешілік еткен колледждің Жастар комитетінің жетекшісі Назерке Жақсығұлова шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын, дебатшылардың жоғарғы деңгейін айта келе, турнир жеңімпазы болып құрамында бұрыннан тәжірибесі бар, облыстық, қалалық дебаттарда жүлде салып жүрген «Ділмар» фракциясы жеңіске жеткенін хабарлады.

243
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan