Жаңалықтар
30 қыркүйек 2022 ж, 12:40

1 ҚАЗАН - ҚАРТТАР КҮНІ

Қариясы бар елдің – қазынасы бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету, өнегелі өмірлерін үлгі тұту, ғұмырларынан ғибрат алу – өскелең ұрпақтың айнымас міндеті. 

Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

1 қазан — Қарттар күніне орай елімізде егде жастағыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге көңіл бөлініп, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық көмектер көрсетіледі. Осы дәстүрмен 29 қыркүйек күні Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің Жастар комитетінің ұйымдастыруымен қаламыздағы «Қарттар Үйінде» концерт берілді. Қамкөңіл қариялардың көңілдерін көтеруді мақсат тұтқан шара тізгінін А-22-9 оқу тобының 1-курс студенті Асқарова Әсел ұстап, жүргізушілік міндетке алғаш жүктеліп тұрғанына қарамастан, қобалжығанын білдірмеуге тырысып, әдемі алып шықты.

Концертте өңірімізге танымал жас жыршы Алғазиев Қуаныш өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді. Әсіресе, К. Әзірбаевтың «Қайран жастық» әнін ата-әжелеріміз қошеметпен қабылдап отырды. Одан кейін сахнада колледж оқытушылары Ғабит ағай, Іңкәр апайлар жеке-жеке өнер көрсетіп, қарттар риза болып, ортаға билеуге шықты. Колледжіміздің 1-2 курс білім алушылары топтық би көрсетіп, домбырада күй ойнап, жеке номерде әндер де орындады.

Шара соңында колледжіміздің Жастар комитетінің жетекшісі Назерке Жақсығұлова қарттарды мерекелерімен құттықтап, колледж директорының құттықтау хатын табыстады.




234
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan