Жаңалықтар
09 наурыз 2021 ж, 12:59

Директорлар лигасы

Қызылорда облыстық білім басқармасының қолдауымен алғаш рет директорлардың TEDx форматтағы кездесуі өтті. Бас қосуға қала және барлық аудандардан 20-ға жуық мектеп директоры қатысты. 

         TEDx алаңында 4 спикер білім саласын басқару жүйесіндегі көшбасшылық және менеджменттік қасиетті дамытуға арналған жаңа кейстермен бөлісті. Айталық №101 орта мектептің директоры Айгүл Өткелбаева «Стратегиялық брэнд менеджмент» тақырыбын қозғаса, №140 орта мектеп директоры Айгүл Мұсабаева «Мектептегі венчурді дамыту» әдісімен бөлісті. Ал №278 мектеп-лицей директоры Эльмира Азатбаева «Мұғалім арасындағы матрицалар мен анықтауыштар» тақырыбында тәжірибесін ортаға салды. Соңғы спикер №261 орта мектеп директоры Қарлығаш Әбдірахманова «Мектептегі PR менеджмент» енгізудің жаңа әдісін тарқатып берді. 

         Еркін ой алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова білім саласындағы жаңа формация алға шыққан уақытта мектеп директорлары тың талапқа сай жұмыс жүргізу керектігін алға тартты. Сондай-ақ әрбір мектеп басшысы менеджерлік дамуға қарай бет түзеп, ұжымды басқарудың жаңа тетігіне қарай әрекет ету керектігін айтты. 

         TEDx соңында мектеп директорлары кері байланыста пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Алдағы уақытта директорлардың біліммен бөлісу алаңы жиі ұйымдастырылып, спиральдік жүйе арқылы дамиды. Серіктес директорлар білім беру ісіндегі озық тәжірибе мен жаңа идеяны іске асырады. Бұл үшін облыстық іс-шаралар жоспары бекітіледі. 





1 201
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan