Жаңалықтар
15 қазан 2022 ж, 12:36

IT ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ОРТАСЫ


 

        Текей батыр Қапықұлы атындағы жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Бекзат МҮСІРӘЛІ колледж оқытушыларына арнап өткізген семинарда веб-ресурстарды қолданудың тиімділігі аясын қамтыды. 

         Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпарат ұғымы адамзат өмірі мен әртүрлі ғылым саласында жиі қолданылады. Ол латынның түсіндіру, баяндау деген ұғымды білдіретін “informatio” сөзінен шыққан. Ақпарат дегеніміз белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Жалпы айтқанда, ақпарат – қоршаған ортадан қабылданатын, қоршаған ортаға берілетін, сақталатын мәліметтер жиыны. Ақпарат объектілердің, процесстердің және құбылыстардың қасиеттері мен қатынастарын бейнелейді.
      Текей батыр Қапықұлы атындағы жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Бекзат МҮСІРӘЛІ колледж оқытушыларына арнап өткізген семинарда веб-ресурстарды қолданудың тиімділігі аясын қамтыды. Атап айтқанда, олар:

  • Canva бағдарламасы мүмкіндіктері;

  • Word бағдарламасы мүмкіндіктері;

  • Power Point бағдарламасы мүмкіндіктері.

Аталған үш бағдарламаны замануи білім беру үдерісінде оқытушылардың тиімді қолдануға болатын мүмкіндіктері сөз етілді. 
Семинарға қатысушы оқытушылардың дені Word пен Power Point бағдарламасын белгілі бір деңгейде меңгегендіктен, Canva бағдарламасына деген қызығушылықтары аңғарылды. Бұл бағдарлама – графикалық дизайн құру үшін пайдаланылатын платформа әлеуметтік медиа графика, презентациялар, плакаттар, құжаттар және басқа көрнекі мазмұндар жасауға арналған. Қолданба қолданушылардың қолдануына арналған шаблондарды өзінде қамтыған. Платформаны пайдалану тегін, бірақ қосымша функциялар үшін Canva Pro және Canva for Enterprise сияқты ақылы жазылымдар ұсынады. Пайдаланушылар физикалық өнімдерді басып шығаруға және жөнелтуге ақы төлей алады деп түсіндіріп өтті Бекзат Бауыржанқызы.


 

 

 

 

241
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan