17 қазан 2022 ж, 12:47
"Спорт-денсаулық кепілі" атты колледж қызметкерлерi арасында сайыс өтті.

Тәуелсіз Қазақстанның Республика күніне орай ұйымдастырылған

"Менің-елім Қазақстан" тақырыбындағы тәрбие апталығында "Спорт-денсаулық кепілі" атты колледж қызметкерлерi арасында сайыс өтті.

Спорттық сайыстың мақсаты-қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Колледжіміздің қызметкерлері арасында құрама командалары жасақталды.

Спорттық жарыстың ашылу рәсімінде колледжіміздің құрылтайшысы Касаева Зауреш барша қатысушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Сайыстың төрешілері: З.К. Касаева, Б.Р.Таңқыбаева және А.К.Рахметов шешімімен:


І орынды "Жалын" командасы


ІІ орынды "Қыран" командасы


ІІІ орынды "Самұрық" командасы

Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен марапатталды.

Сондай-ақ, үздік ойын көрсеткен бірқатар ойыншылары «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Саукенов Олжас Мамырұлы

Өмірбекова Сандуғаш Багдатқызы

Изатуллаева Гүлхан Қайырбекқызы

Алғыс хатпен марапатталды!
239