Жаңалықтар
10 сәуір 2024 ж, 16:08

Азаматтық қорғаныс қызметтері 97 мыңнан астам адамды құтқарды

Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметтерімен 97 071 адам, оның ішінде 32 735 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 7 606  адам, оның ішінде 3 728 бала орналасты. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл ОКҚ брифингінде мәлім етті. 

Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмыстан жалғастыруда.  Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына автокөлікпен 893 500 келі гуманитарлық көмек көрсетілді. Сондай-ақ әуе кемелерімен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 000 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. 

"Авариялық-құтқару жұмыстарында 25 мыңға жуық адам және 3 мыңнан астам техника, 15 әуе кемелері жұмылдырылды. Шекаралас мемлекеттердің аумақтарынан су басу қаупі жоқ. Ресей Федерациясы Орынбор облысының Орск қаласында орын алған жағдай мен Батыс Қазақстан облысының аумағындағы Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі бақылауда", – деді спикер.
384
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan