Жаңалықтар
10 сәуір 2024 ж, 17:49

Облыстық дебат жеңімпаздары

Бүгін Қызылордада облыстық «Дарын» білім беру орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Тіл және жастар» тақырыбындағы аймақтық дебат турнирі өтті.

Тартысты пікірсайыстардың нәтижесінде Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студенттері, «DILMAR» клубының мүшелері Нұрай Нұрлыбекқызы мен Назерке Жанасбаева топ жарып, бірінші орынды иеленді.

Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше «Болашақ» жоғары колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттері иеленді.

«DILMAR» клубының жетекшісі Ғабит Кәдірбай атап өткендей, пікірсайыс ресми түрде ойды дәлелді жеткізудің ең жүйелі жолы. Қарсыластармен пікір алмасу тың ақпарат алып, дүниетанымды кеңейтіп қана қоймай, жасөспірімдерге жаңа достар сыйлайды. 

«Дебат турнирі қызықты, тартысты әрі танымды болды. Көтерілген мәселелердің барлығы өте өзекті, ой саларлық. Қарсылас командалармен дебат ойнап қана қоймай, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болды», – деп ой бөлісті Н.Нұрлыбекқызы.

435
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

tekei-batyr.kz
11 сәуір 2024 08:43
Құтты болсын! 

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan