Жаңалықтар
11 сәуір 2024 ж, 09:43

Колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

Еліміздегі колледж студенттері үшін алмасу бағдарламасы бойынша Германияда білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Болашақ үшін кәсіби кадрларды дамыту және даярлау» Қазақстан-Германия форумы шеңберінде ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Talap» КЕАҚ пен «Fav service gGmbH» неміс компаниясы келісімге келді.
Бағдарламаға жеке меншік колледждердің студенттері де қатыса алады. 
Тараптар Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазақстандық студенттерге Германияның 60 мың өндірістік кәсіпорнының кез келгенінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін дуальды білім беру бағдарламасына ерекше назар аударылатын болады.
«Қазіргі уақытта Тюрингия қаласындағы колледждермен ынтымақтастық мәселесі пысықталуда. Олардың білім беру моделін зерделеп, академиялық мобильділігімізді пайдаланғаннан кейін, алмасу бағдарламасына мектеп түлектері, колледж студенттері қатыса алады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Бағдарламаға жеке меншік колледждердің студенттері де қатыса алады. Сондай-ақ колледж педагогтері үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.


199
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan