Жаңалықтар
16 сәуір 2024 ж, 15:24

Өңірлерде оқу процесін ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Атырау, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Абай облыстарының жағдайымен барып танысты.  Су тасқыны басталған уақыттан 4739 оқушы балаларды сауықтыру орталықтарына, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына және инновациялық мектеп-лицей интернаттарына орналастырылды. Сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін қосымша 8 мыңға жуық орын әзірленді. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Нұрмұханова Мереке ОКҚ алаңында айтты.
Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, киіммен және тамақтанумен қамтылуда. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде сапалы білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары жылдамдықтағы интернет тартылуда. Қазіргі уақытта Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 13 мектеп Starlink желісіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. 
«26 мыңнан астам педагогтер мен білім беру саласының қызметкерлері су тасқынына қарсы шараларға, оның ішінде жағалауды бекіту жұмыстарына қатысуда. 400-ге жуық мектеп психологы эвакуациялық пункттердегі балалар мен азаматтарға психологиялық көмек көрсетуде. Одан бөлек министрліктің бағынысты ұйымдары мен аумақтық департаментерінің  300-ден астам  қызметкері балалардың оқу процесі мен сапалы демалысын ұйымдастыруда», – деді арнайы брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Нұрмұханова 
Педагогтерді қолдау мақсатында Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мұғалімдерін аттестаттаудан өткізу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Еліміздің 42 мектебінде білім алушылардың жетістіктерін бағалау мониторингі жүргізілмейтін болды. Ақтөбе және Атырау облыстарының барлық білім алушылары үшін БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді. Әрбір жағдай бойынша шешім жергілікті атқарушы органдармен Оқу-ағарту министрлігінің хаттамасы негізінде қабылданады. 
Жаңа оқу жылында барлық педагог пен мектептердің оқу процесіне дайын болуы үшін Министрлік төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін уәкілетті органдармен бірлесіп су тасқынынан зардап шеккен педагогтердің тізімін жасайды.

158
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan