Жаңалықтар
17 сәуір 2024 ж, 12:59

Студенттік орталықтарда экономиканың түрлі бағыттары бойынша 167 стартап пен бизнес-идеялар іске асырылуда

Еліміздің 20 колледжінде жастар арасында «Идеядан табысты бизнеске дейін» бизнес-жобаларын іске асыру мақсатында «Business Startup» студенттік орталықтары құрылды.
Бүгінгі таңда бұл орталықтарда 665 студенттің қатысуымен экономиканың түрлі бағыттары бойынша 167 стартап жүзеге асырылуда.
«Бұл студенттік орталықтар әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және оларға өз ісін ашуға мүмкіндік береді. 2028 жылға дейін колледждерде дәл осындай 100 орталық ашу жоспарлануда. 119 мемлекеттік колледж өздері шығарған тауарларды нарыққа шығарып сатуда, бұл олар үшін өз бетінше табыс табу мүмкіндігі», - деп атап өтті техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Айта кетейік, өңірлердегі «Business startup» студенттік орталықтары студенттердің стартаптары мен бизнес-идеяларын қолдау мен жүзеге асырудың алаңына айналуда.
 
346
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan