Жаңалықтар
22 сәуір 2024 ж, 11:17

Бағыт – кадр сұранысына қарай маман даярлау

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өңірлердегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бейіндеу бойынша кеңес өтті
Қазірде еліміздің әр өңірінде даму бағдарламасы, сондай-ақ инфрақұрылымдық, инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, жұмысшы және орта буын мамандарын даярлау қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте колледждердің рөлі артып келеді.
«Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері ең алдымен жергілікті еңбек нарығына қажет мамандарды даярлауы қажет. Ол үшін ең бастысы колледждердің оқытушылық құрамы, материалдық-техникалық жабдықталуына және сапалы білім бағдарламаларына назар аударылуы қажет. «Жас маман» жобасы аясында бірқатар колледждердің базасы жабдықталды. Әр аймақта озық тәжірибе жинақтаған оқу орындары бар. Олар тірек колледжі  және құзыреттілік орталық есебінде  өзге білім беру мекемелеріне көмек беруі шарт», — деді Тамара Дүйсенова.
Кеңестер аясында әр аймақтың оң тәжірибелері қарастырылды.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оң тәжірибелері кеңінен таратылуы керек. Бұл жұмыс Оқу-ағарту министрлігінің тұрақты назарында болуы тиіс. Біздің басты мақсат – түлек дайындау ғана емес, жастарға тұрақты жұмысқа орналаса алатындай жағдай жасау. Колледждердің тек мемлекеттік тапсырысқа иек артуы дұрыс емес. Жұмыс берушілер де өздеріне қажет мамандарды даярлауға ат салысуы керек. Оған қоса, колледждерде қазір өндірілген өнімнен түсетін табыс сол мекемеде қалатындай мүмкіндік берілген. Бұны материалдық-техникалық базаны жақсартуға және педагогтердің біліктілігін арттыру үшін қосымша табыс көзі ретінде қарастыруға болады», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
217
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan