Жаңалықтар
16 мамыр 2024 ж, 11:27

Мобильді қосымшада «Bilim» жаңа қызметі іске қосылды

Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-мен және ЦДИАӨМ-нің ҰАТ АҚ-мен бірлесіп eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді «Bilim» жаңа қызметін іске қосты. 
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова барлық қажетті деректерді топтастырып, оны азаматтар үшін аса қолайлы әрі қолжетімді еткен сервис туралы айтып берді.
«Bilim» - бірнеше бөлімдерден тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ педагогтер үшін «Педагог портфолиосы» қолжетімді. Мұнда мұғалімнің электрондық құжаты қалыптастырылады, онда еңбек өтілі, қызмет жолы, санаты, аттестаттаудан өтуі бойынша мәліметтер топтастырылған», - деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген.
Бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында «Bilim» бөлімін таңдау қажет.
Қазіргі уақытта бөлімдерді ҚР азаматтарының білімдеріне қатысты қажетті деректермен толтыру жұмыстары жалғасуда.


261
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan