Жаңалықтар
20 мамыр 2024 ж, 10:22

Мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайды

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға көбейеді. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған білім алушылар саны 145 мың адамға жетеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы республикалық бюджет есебінен 60 мың орынға ұлғайтылды. 2025 жылға қарай жастардың 100%-ы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін ТжКБ-мен қамтамасыз етіледі», - деді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғаяды: геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және т.б. Бүгінде ТжКБ-ді мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті.
Жыл сайын кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың талапкер қабылданады. Тапсырыс беруші кәсіпорындарға практика ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелер беріледі, делінген хабарламада.

522
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan