Жаңалықтар
13 тамыз 2024 ж, 11:11

«Үздік педагог» байқауы басталды

Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Жеңімпаздарға 3 миллион 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі

  Конкурс үш кезеңнен тұрады:
1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз)
2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
 Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz  веб-порталында жүзеге асырылады.
 «Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Бұл атаққа білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.
Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

751
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan