Жаңалықтар
21 қараша 2024 ж, 12:45

АТА-АНА ЖӘНЕ БАЛА...

Әке-шешесінің тәлім-тәрбиесінен «ығыры» шыққан жоғарғы сыныпта оқитын бала оларға мынадай қысқаша хат қалдырады: «Мені жайыма қалдырыңыздаршы!».

Таңертең ұйқыдан тұрған ол ас бөлмеде мұнтаздай таза тәрелкелердің арасынан жуылмаған біреуін байқайды – өзінікі.
Тоңазытқышта күндегідей өзіне дайындалған түскі ас та, тамақ ішетін үстелдің үстінде мектептің асханасынан оны-мұны сатып алатын ақша да жоқ болып шығады. 
Костюмінің үзілген түймесі де тігілмеген екен. Ал оның қасында әдеттегідей таза шұлық пен іш киім де  жатпады. 
***
Жұмыстан соң ата-анасы өздері киноға барып, үйге кештеу оралды. Өздері тамақтарын ішіп, баласының асын қазанның түбіне қалдырды. 
Ешкім баладан «бүгін мектепте қандай баға алдың, ертеңге қандай тапсырмалар берілді?» деп сұрамады. 
Ешкім «еденде жалаң аяқ жүрме» деп айтпаса да бала еденнің салқындығын және аяққа тәпішке кию керек екендігін тез ұғына қойды. 
Ешкім оған әдеттегідей «сабағыңа дайындал» деп айтпады, теледидар көруге тыйым салмады. Әке-шешесі баланың барлық сұрақтарына  сыпайы жауап беріп, өз-өздері бір нәрсені талқылап отырды. 
***
Іші пысқан бала күртешесін киіп сыртқа беттеді. Бірақ ешкім одан «Қайда бара жатырсың?» деп сұрамады. 
Аулада құрбы-құрдастары жоқ болса да, әке-шешесі кешқұрым шығуға тыйым салмаса қызық емес екенін түсінген бала көп ұзамай үйге оралды. 
Бірақ жатын бөлмеде әдеттегідей төсегі салынбаған болып шықты. 
Ал әкесі мен анасы ұйқыға дайындалып жатыр екен. 
Бала олардан сыпайы ғана ертеңгі мектеп асханасына қажет ақша туралы еске салды.

***
…Таң атты. Ас бөлмеде тағы да бір жуылмаған тәрелке тұрды – өзінікі. 

Ал үстелде мектепке сұраған ақшасы бар екен. Одан басқа ешнәрсе өзгермепті. 
Мектепке кетіп бара жатып бала бір жапырақ қағазға былай деп жазады:
«Мені кешіріңіздер! Өтініш – ендігәрі мені жайыма қалдырмаңыздаршы...».


***
Баланың өмірінде соңғы тәулікте ешнәрсе өзгере қойған жоқ. Ол қажетті киімдерін өзі тауып үйренді, тәрелкесін өзі жуды, түймесін тікті, үй тапсырмаларын өзі орындады. 
Ол ендігі ересек болды. 
Жәй ғана күндердің күнінде бала ата-анасының оның ығырын шығарып жүрмегендігін, керісінше  қамқор екендігін түсінді. 


(Әлеуметтік желіден аударылды)
153
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОМинобразования и науки РКАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan