Жаңалықтар
08 қаңтар 2025 ж, 17:52
2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында республикада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту жоспарланып отырғанын хабарлады.
Ол бұл дуальды оқыту жүйесін дамытуға және кәсіпорындардың тапсырысы негізінде экономикаға қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы уақытта колледждермен ынтымақтастық орнатып, олардың қызметіне қолдау көрсететін кәсіпорындар санын 4000-ға жеткізу жоспарлануда.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.
«Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.
Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында республикада техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін бизнес-құрылымдар мен инвесторларды тарту жоспарланып отырғанын хабарлады.
Ол бұл дуальды оқыту жүйесін дамытуға және кәсіпорындардың тапсырысы негізінде экономикаға қажетті мамандарды мақсатты түрде даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Қазіргі таңда небәрі 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр. Алдағы уақытта колледждермен ынтымақтастық орнатып, олардың қызметіне қолдау көрсететін кәсіпорындар санын 4000-ға жеткізу жоспарлануда.
«Биыл колледждер жұмыс берушілермен бірге 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді, 1,5 мың педагог өндіріс базасында тағылымдамадан өтеді. Нәтижесінде бизнеспен ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп, колледждер нақты экономика салалары үшін жұмысшы маман даярлаудың негізгі буынына айналады», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
49