Жаңалықтар
24 ақпан 2025 ж, 10:50

Мамандығым – болашағым


Қызылордада А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мамандығым – болашағым» атты қалалық өнер байқауы өтті.
Өнер байқаудың алғы сөзін қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 Үш кезеңнен тұратын өнер додасында кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының 14 студенті бақ сынады.
Байқау нәтижесінде бірінші орынды Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің студенті Алина Досхожаева иеленді. Екінші орынды қанжығасына  "Болашақ" университетінің жоғары колледжінің студенті Қарақат Қарабатырова, үшінші орынды "Абылай хан" атындағы жоғары колледжінен Нұрай Тлеген байлады.


 Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінен Әбілмансұр Әзтай «Көрермен көзайымы» номинациясымен, Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінен Нұрхан Қадырхан «Ұшқыр ой» номинациясын иеленді. 

550
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan