Жаңалықтар
10 наурыз 2025 ж, 09:04
Министр ұстаздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің бірқатар педагогтері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер және білім беру саласының ардагерлері бар.
Марапат иелерін Оқу-ағарту министрі салтанатты түрде құттықтап, олардың елдің адами капиталын қалыптастырудағы өлшеусіз үлесін атап өтті.
«Ерен еңбегі үшін» орденімен: Астана қаласынан Роза Алимсаева, Қостанай облысынан Ирина Худякова.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданынан Балалар музыка мектебінің директоры Бақытжан Аханова марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар мен білім беру жүйесінің қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесінде 600 мыңнан астам педагог жұмыс жасайды.

Марапат иелерін Оқу-ағарту министрі салтанатты түрде құттықтап, олардың елдің адами капиталын қалыптастырудағы өлшеусіз үлесін атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдарында жоғары мемлекеттік наградаға бес педагог ие болды, оның ішінде соңғы үш жылда үш ұстазға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бүгін тағы бірнеше ұстазымыз мемлекеттік марапат алды. Бұл – Президенттің ұстаз еңбегін жоғары бағалап, сенім мен құрмет білдіруінің айқын дәлелі. Сондай-ақ, бұл педагог мәртебесінің артып, мемлекет тарапынан мұғалім еңбегіне көрсетілген құрметтің жаңа кезеңі басталғанын білдіреді», – деді министр.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар: Қызылорда облысынан Сәуле Егізбаева, Маңғыстау облысынан Бибігүл Қараева, Ақтөбе облысынан Бағдашжан Молдашева, Алматы қаласынан Шынтай Мадияров, Жетісу облысынан Гүлбану Өміржанова.«Ерен еңбегі үшін» орденімен: Астана қаласынан Роза Алимсаева, Қостанай облысынан Ирина Худякова.

48