Жаңалықтар
14 наурыз 2025 ж, 10:14

КӨРІСУ КҮНІ - АМАЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Наурыздың 13-і мен 14-де, 
Жетеміз көрісетін көркем күнге.
Аллаға мадақ айтып төс қағысып
Толады жаның нұрға , өлкең гүлге.
 
Аман сау қыстан шығып көрісеміз,
Кешіріп өкпе назды келісеміз.
Болсыншы деп тілейміз көріскенде,
Тірліктің бірлікпенен өрісі егіз.
 
Баққұсы қонып барлық шаңыраққа,
Құрандар бағышталар аруаққа.
Отбасы , Отан - Ана ,   құтқа айналып, 
Қалсыншы қиындықтың   бәрі де артта.
 
Мереке,  берекелі басты арманым, 
Толқытсын ұлт намысы   жастар жанын.
Сау болып ұл менен қыз,   немерелер 
Жайылсын тойға ғана   дастарханың.
 
Кең байтақ жер бабалар аманаты.
Төгілген қан мен   тері , табан ақы.
Ертеңгі ұрпақтарға мұра болсын.
Шықпасын жатқа кетіп , жаман аты.
 
Көрісу күні қандай ғажап еді,
Иесі бұл мейрамның қазақ елі
Басталып Жаңа жылы көрісумен, 
Шырқалар әсем әннің сазы әдемі.
 
Мың өліп мың тірілген ұлтымыз бар.
Сақталған салт пен дәстүр ғұрпымыз бар.
Келісу үшін талай құлыпты ашар,
Көрісу деген құнды кілтіміз бар.
 
Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап, 
Көрісу күні реніш ұмыт қалад(ы)
Жаныңда жаңарады жаңа жылмен
Қауышып адамдармен күліп тарап.
 
Есерлер есектерін теріс мінсін.
Естілер  ел арасын келістірсін.
Жұлдызын қазағымның құдай жағып
Халқымды амандықпен көрістірсін!
 
Өркенін жайып ұрпақ өрістерің,
Жемісін берсін еткен көп істерің.
Көремін бар қазақты бауырымдай,
Өлеңім құшақтасып көріскенім.
 
Зор құрметпен, 
Серік ЫДЫРЫСОВ. 

Қызылорда қаласы, 14.03.2025 ж.
84
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan