Жаңалықтар
22 мамыр 2025 ж, 10:02

ХХI ғасырдың заманауи ұстазының бейнесі қандай болуы керек?

«ХХІ  ғасырдың  заманауи  ұстазы – тек білім беруші емес, жол көрсетуші, шабыттандырушы және қоғам көшбасшысы. 

Қазіргі заман талабына сай ұстаздың бейнесі бірнеше негізгі қасиет пен қабілетке негізделуі тиіс деп ойлаймын. Кәсіби құзыретті және үнемі даму үстінде жаңа технологиялар мен әдіс­терді меңгеріп, үздіксіз білім алып отыруы қажет. Цифрлық сауат­ты, онлайн оқыту құралдарын  еркін  қолдана  білуі  керек.

 
Жеке тұлғаға бағытталған көз­қарас, яғни әр оқу­шыны  жеке қабілетіне  сай  дамытып, қолдау көрсететін – педагог. Тәрбие­де әмірмен емес, сабырмен және түсіністікпен әрекет етуі керек. Шығармашыл және креативті, стандартты емес тәсілмен оқытып, қызығушылық туды­ратын, шабыт  беретін  тұлға  болуы  керек.  Ұстаз оқушының көңіл күйін, жағдайын түсіне  алатын, сенім тудыра алуы қажет.  Жаһандық  көзқарасы бар, заман ағымын түсінетін, бірақ ұлттық рух пен мәдениетті де естен шығармауы керек. Жетекші әрі шабыт беру­ші, тек сабақ беріп қана қоймай, оқушыны арманына жетелейтін тұл­ға. Қорыта айт­қанда, ХХІ ғасырдың ұстазы – білім беруші ғана емес, тұлға қалыптас­тырушы. Ол технологияны меңгерген, жүрегімен тәрбиелейтін, жан-жақты дамыған және өз ісіне шын  берілген  маман  болуы  тиіс».
 
(Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Асқарбек Есжановтың республикалық «Халық» газетіне берген сұхбатынан).
 
Толығырақ:
https://halyqline.kz/sugbat/ustaz-tek-bilim-berwshi-emes-zhol-koersetwshi-zhaene-qogham-koeshbasshysy/
191
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan