Жаңалықтар
06 маусым 2025 ж, 10:38
Облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын!
Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт - қайырымдылық пен жанашырлық, ізгілік пен имандылық сияқты асыл қасиеттерді дәріптейтін ұлық мейрам.
Салт-дәстүрімізбен берік ұштасқан ата дініміз – елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі.
Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке бастайды. Баршаны бауырмалдыққа шақырып, халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады.
Иісі мұсылман қауым бұл күндері отбасы амандығы мен ел тыныштығы үшін құрбандық шалып, жоқ-жітікке көмек көрсетіп, мұқтаж жандарға қамқорлық танытады. Ізгі ниет пен сауапты істері қатар тоғысқан ел-жұрттың бір-бірімен етене араласуына, өзара сыйластық пен жақсылыққа жол ашады.
Ұлттық құндылықтарымызбен үндескен Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!
Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

218
Директордың блогы
Жаңалықтар мұрағаты
| « Мамыр 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | ||||
| 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
| 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |