Жаңалықтар
07 шілде 2025 ж, 10:49

Сегіз мыңнан астам білім беру бағдарламасы әзірленді

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі трансформациялануда. Осы жұмыстың негізгі құралдарының бірі - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ әзірлеген техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының Реестрі болды.

Реестр – бұл елдегі барлық колледж бағдарламалары туралы толық, өзекті әрі сенімді ақпарат алуға көмектесетін заманауи цифрлық ресурс.
Бүгінде Реестрде республика көлеміндегі 667 колледж ұсынған 181 мамандық бойынша 8 554 бағдарлама қолжетімді. Оның 96%-ы техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) , ал 4%-ы — орта білімнен кейінгі деңгейде. Бағдарламалардың 55%-ы мемлекеттік тілде әзірленген.

«Біз әрбір білім беру бағдарламасының қазіргі еңбек нарығы талаптарына сай болуына ерекше назар аударамыз», — деді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Шамамен 2,5 мың бағдарлама дуалды оқытуға бағытталған, 70 бағдарлама ерекше білім беру қажеттіліктері бар жандарға арналған. Жамбыл инновациялық жоғары колледжі шетелдік серіктеспен бірлесіп (ACCA, Англия)
 бағдарлама әзірледі. 139 бағдарлама басқару және инженерлік мамандықтар классификаторы негізінде құрастырылған.
Колледждер ең белсенді түрде инженерия, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ), қызмет көрсету, бизнес және басқару салаларындағы бағдарламаларды дайындауда. Бұл бағдарламаларды әзірлеу үшін 500-ден астам кәсіби стандарт пайдаланылды. Бағдарламаларды сараптауға 540 сарапшы қатысты, олардың 311-і – педагог, 229-ы – жұмыс берушілер.

Жаңа оқу жылында тағы да 3000 білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр.

414
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan