Жаңалықтар
14 шілде 2025 ж, 09:06

Елімізде WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары табысты өтті

2025 жылдың наурыз–маусым айлары аралығында Қазақстанның 20 өңірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары өтті – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын ауқымды шараға барлығы 5044 студент қатысып, олардың жұмысын 5759 кәсіби сарапшы бағалады. Чемпионаттар 600-ге жуық колледж базасында ұйымдастырылды. Жалпы алғанда 900-ден астам құзыреттілік қамтылды. Ең көп құзыреттілік ұсынылған өңірлер қатарында Ақтөбе (77), Ақмола (62), Батыс Қазақстан (60) және Қостанай (59) облыстары бар.


WorldSkills өңірлік чемпионаттары – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, студенттердің кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң. Чемпионаттар аясында колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс нығайып, үздік қатысушылар дипломдар, медальдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Өңірлік чемпионатта үздік танылған студенттер биылғы жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды.

348
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan