Жаңалықтар
25 шілде 2025 ж, 09:25

ЖАС МАМАНДАР БАС ҚОСТЫ

Елімізде 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына байланысты барлық  өңірлерде еңбек адамдарын насихаттау, оларды қолдау және жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыру бағытында ауқымды шаралар қолға алынды.
 
Сыр өңірінде де Жұмысшы мамандықтар жылын мазмұнды әрі жүйелі өткізу мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – кеше Қызылордада өткен тематикалық жас мамандар слеті. Ауқымды жиынға еліміздің бірнеше өңірінен, сондай-ақ барлық аудандар мен қалалардан 100-ден астам жұмысшы жас маман арнайы қатысты.
 
Пленарлық отырыста облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов өңірде Жұмысшы мамандықтар жылында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
 
«Жастар – қоғамның қозғаушы күші» деген қағида бар. Мемлекет басшысының бұл бастамасын әсіресе, жастар қауымы ерекше ықыласпен қарсы алды. Республика көлемінде түрлі форматтағы шаралар ұйымдастырылып, жастарды қолдауға бағытталған игі бастамалар қолға алынуда. Қазіргі таңда, өңірімізде 28 колледж бар. Оның 19-да 45 мамандық, 49 біліктілік бойынша жұмысшы кадрлар даярланып, жалпы 20341 студенттің 4890-ы жұмысшы мамандығы бойынша білім алуда. Осы жылы 2 колледж базасында тігін цехы ашылды.
Халықаралық байланысты дамытуда колледждер Түркия, Қырғызстан, Германия, Ресей, Латвия, Өзбекстан, Польша мемлекеттерінің 7 халықаралық, 98 республикалық және 56 аймақтық оқу орындарымен 161 ынтымақтастық меморандумына қол қойды. «Мансап компасы» платформасы арқылы 3000 оқушыға кәсіби бағдар берілді, 20 мың оқушыға кәсіпорын базаларына экскурсиялар ұйымдастырылып, 40 мектеп базасында бейінді сыныптар ашылды.
Өңірімізде ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, өндіріс орындары ашылып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда», – деп атап өтті Шахмардан Асқарұлы.

 Слет жұмысы барысында жастар Қызылорда облысының жұмысшы жас мамандарының ассоциациясын құру бастамасын көтерді. Бұл бастама өзге өңірлерден келген қатысушыларды да қанаттандырып, зор қолдауға ие болды. Жиында еліміздің және аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жастар аймақ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
 
Слетке қатысушылар өңірдегі өндіріс орындарын аралап, оқу орындарының заманауи материалдық-техникалық базасымен танысты. Олар «Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытына, Бесарық ауылындағы өндірістік нысандарға, «Qaysar Arena» стадионы мен оқушылар Сарайына, сондай-ақ Теннис орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, музыкалық колледж, «Анаға тағзым», «Өнер» және «Отбасы орталықтарына» барды. 
 
Сонымен қатар, қонақтар қаладағы бірқатар колледждердің оқу-өндірістік мүмкіндіктері мен жабдықталу деңгейін көріп, ондағы білім беру үрдісімен танысты.
 
Бүгін, 25 шілдеде, слет қатысушылары Байқоңыр қаласына арнайы сапармен барып, ғарыш айлағы мен тарихи музейлерді аралайды. Бұл іссапар жастарға ғылыми-техникалық жетістіктерді өз көзімен көруге, сондай-ақ, Байқоңырдың ел дамуындағы тарихи маңызы жайлы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


 
118
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

tekei-batyr.kz
25 шілде 2025 11:18
Керемет! Осындай іс-шаралар көптеп өткізіліп тұрса

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan