Жаңалықтар
04 қыркүйек 2025 ж, 09:59

EuroSkills Herning 2025: студенттерге сәттілік тілейміз!

Санаулы күндерден кейін (9-13 қыркүйек) Данияның Хернинг қаласында кәсіби шеберлік бойынша IX Еуропалық чемпионат — EuroSkills Herning-2025 өтеді. Еуропадағы ең ірі жастар сайысына Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы да қатысады.

EuroSkills — жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, техникалық және кәсіптік білімнің беделін арттыруға бағытталған халықаралық WorldSkills қозғалысының бір бөлігі. Биылғы чемпионатқа 32 елден 597 қатысушы мен 528 сарапшы қатысады. Байқау 38 құзыреттілік бойынша өтеді.


Қазақстан құрамасына 59 қатысушы енді: 28 сайысқа түсуші, 25 сарапшы, сондай-ақ ресми делегаттар мен тим-лидерлер. Біздің студенттеріміз 25 құзыреттілік бойынша — ІТ және инженериядан бастап құрылыс, сұлулық индустриясы, аспаздық және сервис саласына дейінгі бағыттарда өз шеберлігін көрсетеді. Олардың қатарында қызылордалық жас өрендер де бар.


Ұлттық құраманың EuroSkills Herning-2025 чемпионатындағы өнер көрсетуі Қазақстандағы ТжКБ жүйесін дамытуда, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда және еліміздің имиджін Еуропа аренасында ілгерілетуде маңызды қадам болмақ.



418
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan