Жаңалықтар
19 қыркүйек 2025 ж, 09:52

TurkіcSkills-2025: Ақтауда кездескенше!

2025 жылдың 4 – 10 қазан аралығында Ақтау қаласында алғашқы рет TurkіcSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Бұл шара Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, кәсіби білім беруді дамытудың тарихи қадамы болмақ.

Бір алаңда Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Мажарстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 70-тен астам студент пен 90 сарапшы бас қосады. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, құрылыс, инженерлік шешімдер, әлеуметтік және жеке қызметтерді қамтитын 10 негізгі құзыреттілік бойынша сынға түседі. Әсіресе ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондар) басқару сияқты болашағы зор бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді.


Чемпионат аясында Қазақстан мен шетел педагогтері арасында тәжірибе алмасу енгізіледі. Бұл оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, ал студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы білімдері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді.


459
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan