Жаңалықтар
06 қазан 2025 ж, 09:59

TurkicSkills 2025 чемпионаты бастау алды, немесе Ақтаудан ақжолтай жаңалық

 Ақтауда Қазақстанның бастамасымен тұңғыш TurkicSkills халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Чемпионатқа Түркі мемлекеттерінен келген техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері, сарапшылар сала өкілдері қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде үздік тәжірибені тарату, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың кәсіби әлеуетін арттыру.


Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қатысты.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы - деп жариялауы — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңінің басталуы болды. TurkicSkills чемпионаты — осы жылдың басты оқиғаларының бірі. Бұл алаң жастардың кәсіби шеберлігін көрсетіп қана қоймай, түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты, тәжірибе алмасуды тереңдетеді», — деді вице-министр.

Сонымен қатар, чемпионаттың ашылу салтанатында Майра Мелдебекова еліміздің үздік білім беру мекемелерін марапаттады. Олардың арасында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі де бар. Сыр өңірінің байырғы ұжымы «Үздік педагогикалық колледж» номинациясын жеңіп алды.  


Жалпы чемпионатқа 70-тен астам студенттер мен жас маман және 90 сарапшы қатысуда. Олар инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салалары бойынша бақ сынайды.


TurkicSkills чемпионаты 9 қазанға дейін жалғасады.

242
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

tekei-batyr.kz
6 қазан 2025 10:10
Құтты болсын! 

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan