Жаңалықтар
22 қазан 2025 ж, 15:28

Әріптесімізді құттықтаймыз!

Кеше Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 
Финалда 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысының намысын қорғаған Нұрсұлтан Алтынбек түркістандық Сәкен Бибосыновпен кездесті.

Бірінші раундты төрешілер Алтынбектің пайдасына 3:2 есебімен бағалады. Алайда қалған екі раунда қарсыласы айласын асырып, жерлесіміз күміс жүлдегер атанды.

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Нұрсұлтан Алтынбек — болашағынан көп үміт күттіретін спортшылардың бірі. Ол U22 жас санатында екі дүркін Азия чемпионы және жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы.

  
Оның қарсыласы 28 жасар Сәкен Бибосынов — 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, сондай-ақ Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін медаль иегері.
Сурет meta-ratings.kz сайтынан алынды   


 
257
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan