Жаңалықтар
28 қараша 2025 ж, 09:01

Алғаш рет республикалық «JuniorSkills-2025» кәсіби шеберлік конкурсы өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылордада республикиалық «JuniorSkills-2025» жасөспірімдерге арналған кәсіби шеберлік сайысы ұйымдастырылды.

Оған еліміздің 8 өңірінен, яғни Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Түркістан мен Қызылорда облыстарынан 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау «Ағаш ұстасы», «Кондитерлік іс», «Сән технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мобильді робототехника» құзыреттіліктері бойынша өтті.


Байқау балалар мен жасөспірімдерді ерте жастан еңбекке баулып, болашақ кәсібін таңдауға көмектесу, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар өздерінің қабілеттерін, кәсіби дағдыларын іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алады, құзіреттіліктер бойынша модульдік тапсырмалар орындайды.


«Осыған дейін бұл байқау жергілікті деңгейде ұйымдастырылып келді. Биыл Жұмысшы мамандықтар жылы аясында алғаш рет республикалық деңгейде өтіп отыр. Конкурсқа қатысқан әрбір оқушы өзін жаңа қырынан таниды. Жобаның техникалық және кәсіптік білімге балалардың қызығушылықтарын қалыптастыруда маңызы зор», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Әсет Мұхамбетов.

Байқау қорытындысы бойынша «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша Ақтөбе, «Ағаш ұстасы» құзыреттілігі бойынша Қызылорда, «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Түркістан облысынан келген қатысушылар жеңімпаз болып танылды.
396
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan