Жаңалықтар
09 қаңтар 2026 ж, 13:44

Әріптесімізді құттықтаймыз!

Колледжіміздің арнайы пән оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты  Ырысбек Молдаштың атына Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің алғыс хаты келіп түсті. 

«…Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде Қазақстанның су шаруашылығы саласын дамытуға қосып жүрген үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің табанды еңбегііңіздің арқасында елімізде су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениеті қалыптасып, су шаруашылығы саласын кешенді жаңғырту үдерісі ілгерілеп келеді. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара тиімді іс-қимылдың тетіктері нығайып, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр» деп жазды министр жолдаған алғыс хатында. 

Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің ұжымы әріптесінің қуанышын бөлісе отырып, оның еңбегіне табыс, деніне саулық, отбасына  амандық, ұзақ ғұмыр тілейді! 


353
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *:

Орынкүл Асанқызы
9 қаңтар 2026 14:07
  1. Марапатыңыз құтты болсын ағай!
Қайрат
9 қаңтар 2026 14:17
Құтты болсын!!!!!!
tekei-batyr.kz
9 қаңтар 2026 14:21
Құтты болсын!!!
Жәнібек
Жәнібек
9 қаңтар 2026 14:32
Құтты болсын, Ыреке!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan