Жаңалықтар
03 ақпан 2026 ж, 10:01
Мол тәжірибе жинадым
Өндірістік практика – болашақ мұғалім үшін теориялық білімді іс жүзінде сынап көруге мүмкіндік беретін маңызды кезең. Мысалы, мен кәсіптік және өндірістік-оқу тәжірибелер барысында бастауыш сынып оқушыларымен тікелей жұмыс жасап, мұғалім мамандығының мазмұнын, жауапкершілігін және тәрбиелік маңызын тереңірек түсіндім.
Алғашқы тәжірибем екінші курста басталған еді. Ол №173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте өтті, маған 1 «Б» сыныбы бекітілді. Қанша дегенмен әлі ойын балалары емес пе, сыныпқа алғашқы кірерде біраз қобалжыдым. Қалай болар екен? Оқушылар мені қалай қабылдайды? Осы және басқа сұрақтар маза бермеді. Алайда ол ойлар сыныпқа кірген сәттен-ақ сейілді. Балалар мені бірден жақын тартып, тез тіл табысып кеттік. Осылайша өзіме бекітілген күндер зу ете шықты.
Келесі практикамды асыға күтіп, оны да сол сыныпта өткізгуге ұсыныс жасадым. Себебі, оқушыларды жан-жақты танитынмын. Ол кезде қорықпай, керісінше қуанып кірдім. Оқушылар да мені көріп, жылы жүзбен құшақтап қарсы алып, сағынғандарын жеткізді. Сол сәтте мен мұғалім мамандығының ең үлкен сыйы – баланың шынайы махаббаты екенін түсіндім.
Жетекшім Айжан Раимбекова алғысым зор. Ол бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу барысында мұғалімнің сабырлылығы маңызды екенін, оқушымен қалай дұрыс қарым-қатынас орнату керектігін маған ыждахаттылықпен үйретті.
Жылдар өтіп 3-ші курсқа да жеттім. Кезекті тәжірибеге де кезек келді. Бұл жолы да үйренген алғашқы сыныбыма барғым келіп еді, алайда бөлініс бойынша басқа сынып – 3«А» бұйырды. Сондағы бір ойға түйгенім: әртүрлі сыныпқа барып көру болашақ педагог үшін үлкен тәжірибе. Әр сынып – бөлек әлем, бөлек мінез, бөлек жауапкершілік.
Қазір де алғашқы сыныбымды мектеп дәлізінде көріп қалсам, олар жүгіріп келіп құшақтайды. Осындай құшақ жая қарсы алатын оқушыларым болғаны қандай ғажап! Бұл – баға да, марапат та емес, мұғалім үшін ең үлкен жетістік дер едім.
Жалпы, өндірістік тәжірибелерім сәтті өтті деп есептеймін. Мектептің практика жетекшілері Айжан Раимбекова мен Зәуре Бердихожаеваның қолдауының арқасында еш мәселелер туындаған жоқ. Тәжірибе қорытындысы бойынша мен өз мамандығым бойынша дұрыс таңдау жасағаныма тағы да көз жеткіздім. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындай отырып, маған оқыту саласында баға жетпес тәжірибе алу бақыты бұйырды. Қажетті дағдылар алынды. Тәжірибеден өту барысында өзіме деген кейбір сенімсіздіктен арылдым.
Мұғалім – бұл өте жауапты мамандық, сондықтан мен өзімнің оқу орным Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледжі мен №173 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп ұжымдарының тәжірибелерді ұйымдастырушыларына өзімді мұғалім ретінде сынап көруге қолайлы жағдай жасап, теория мен практиканы біріктіруге ықпал еткендері үшін ризамын. Практика аяқталғанымен, оның әсері жүрегімде қалды. Мектеп әлемі менің тәжірибемді байытып, әр сәтімді мәнді етті. Балалардың күлкісі, ұстаздардың сенімі, ортақ істегі жауапкершілік — мұның бәрі мені мұғалім мамандығына одан әрі жақындатты.
Еркежан ТЕМІРХАН,
БОПмӘ-23-9 оқу тобының студенті

42