Жаңалықтар
03 ақпан 2026 ж, 12:12
Жастар поэзиясы
Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы қарсаңында колледж студенттері өз жырларын арнайды.
Рухына тағзым
Жыр деп соққан жүрегімнің лүпілі,
Қара өлеңнен кидім мен де күпіні.
Ақиқат пен адалдықты жырлаған,
Әр шумағың көтереді рухымды.
Өлеңдерің өмірімнің айнасы.
Жас көңілге үміт-қайрат сыйлаған.
Жырыңды оқып өсіп келем, пайдасы –
Әр сөзіңді ақылға сап ойланам.
Қара өлеңде қазағымның құты бар,
Қара өлеңде қазағымның рухы бар.
Мұқағали өлеңінің өртінің,
Менің мына жүрегімде шоғы бар.
Мен де өзіңдей әділдікті жақтаған,
Ақын болам өлеңін жұрт мақтаған.
Мұқағали сенің биік рухыңның,
Және өлеңнің алдындағы серт маған!
Асылжан АБДРЕЙМОВ,
А-25-9/2 тобы студенті
***
Ғасырдың еңсе биік тау ақыны
Ғасырдың еңсе бойлы тау ақыны,
Қара өлеңмен жалғанған жыр шумағы.
Қарапайым халықтың мұңын сөйлеп,
Қазақтың мәртебесін ұлықтады.
Жетімнің көз жасынан жыр құрадың,
Ананың ақ батасы бой тұмарың.
Махаббат, өмір, өлім, айқасынан,
Ақын едің ғасырда бір туатын.
Бүгін де тірісің сен әр жүректе,
Айтылатын өлендерің сөз тілекте.
Ғасырдың еңсе бойлы тау ақыны,
Мұқағали – жаққан от тар түнекке.
Сен өнердің шыңы едің шайқалмаған,
Тамыр едің тереңнен нәр алатын.
Ғашықтардың сөзі едің айтылмаған,
Өлендерің жүрекке ой салатын.
Өлең болып төгілген жыр ғұмырдан,
Қара сөздің қасиетін шын ұғынам.
Ақын болып көрінем мен де бір күн,
Мұқағали көрінген биік шыңнан.
Бүгін де тоқсан бес жыл толса дағы,
Сөнбейді өлең-жырдың от шырағы.
Мұқағали — мәңгілік ұлы ақын,
Өлеңнің биігінде тұрар мәңгі.
Жанат ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Ғ-25-11 оқу тобының студенті
***
Өлеңнің Хантәңірі
Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны,
Өлең сөздің Хантәңір дара шыңы.
Халықтың жүрегінен орын алған,
Көмейінен төгілген сөз асылы.
Әкесі – Сүлеймен, адал еңбек иесі,
Ал анасы – Нағиман, мейірімнің киесі.
Отбасынан бастау алған ыстық нұр,
Жырларында тұнған ой – мәңгілік сыр.
Тайсалмаған өлеңімен сын айтып,
Сезімдерді мөлдіретіп сыр айтып.
Сұлулықтың жанарынан жыр оқып,
Ақ қайыңға, Күрең күзге мұң айтып.
Жазып кеттің өміршең, өшпес өлең,
Өлеңіңнен шарпыған жалын көрем.
Әр сөзіңнен санама ақыл дарып,
Өзіңе ұқсап мен де өлең өріп келем.
Диас ДОСҚАБЫЛОВ,
А-25-9/1 оқу тобының студенті

Рухына тағзым
Жыр деп соққан жүрегімнің лүпілі,
Қара өлеңнен кидім мен де күпіні.
Ақиқат пен адалдықты жырлаған,
Әр шумағың көтереді рухымды.
Өлеңдерің өмірімнің айнасы.
Жас көңілге үміт-қайрат сыйлаған.
Жырыңды оқып өсіп келем, пайдасы –
Әр сөзіңді ақылға сап ойланам.
Қара өлеңде қазағымның құты бар,
Қара өлеңде қазағымның рухы бар.
Мұқағали өлеңінің өртінің,
Менің мына жүрегімде шоғы бар.
Мен де өзіңдей әділдікті жақтаған,
Ақын болам өлеңін жұрт мақтаған.
Мұқағали сенің биік рухыңның,
Және өлеңнің алдындағы серт маған!
Асылжан АБДРЕЙМОВ,
А-25-9/2 тобы студенті
***
Ғасырдың еңсе биік тау ақыны
Ғасырдың еңсе бойлы тау ақыны,
Қара өлеңмен жалғанған жыр шумағы.
Қарапайым халықтың мұңын сөйлеп,
Қазақтың мәртебесін ұлықтады.
Жетімнің көз жасынан жыр құрадың,
Ананың ақ батасы бой тұмарың.
Махаббат, өмір, өлім, айқасынан,
Ақын едің ғасырда бір туатын.
Бүгін де тірісің сен әр жүректе,
Айтылатын өлендерің сөз тілекте.
Ғасырдың еңсе бойлы тау ақыны,
Мұқағали – жаққан от тар түнекке.
Сен өнердің шыңы едің шайқалмаған,
Тамыр едің тереңнен нәр алатын.
Ғашықтардың сөзі едің айтылмаған,
Өлендерің жүрекке ой салатын.
Өлең болып төгілген жыр ғұмырдан,
Қара сөздің қасиетін шын ұғынам.
Ақын болып көрінем мен де бір күн,
Мұқағали көрінген биік шыңнан.
Бүгін де тоқсан бес жыл толса дағы,
Сөнбейді өлең-жырдың от шырағы.
Мұқағали — мәңгілік ұлы ақын,
Өлеңнің биігінде тұрар мәңгі.
Жанат ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Ғ-25-11 оқу тобының студенті
***
Өлеңнің Хантәңірі
Жиырмасыншы ғасырдың ұлы ақыны,
Өлең сөздің Хантәңір дара шыңы.
Халықтың жүрегінен орын алған,
Көмейінен төгілген сөз асылы.
Әкесі – Сүлеймен, адал еңбек иесі,
Ал анасы – Нағиман, мейірімнің киесі.
Отбасынан бастау алған ыстық нұр,
Жырларында тұнған ой – мәңгілік сыр.
Тайсалмаған өлеңімен сын айтып,
Сезімдерді мөлдіретіп сыр айтып.
Сұлулықтың жанарынан жыр оқып,
Ақ қайыңға, Күрең күзге мұң айтып.
Жазып кеттің өміршең, өшпес өлең,
Өлеңіңнен шарпыған жалын көрем.
Әр сөзіңнен санама ақыл дарып,
Өзіңе ұқсап мен де өлең өріп келем.
Диас ДОСҚАБЫЛОВ,
А-25-9/1 оқу тобының студенті

89







