Жаңалықтар
03 ақпан 2026 ж, 12:44

Спорт пен бірліктің мерекесі (СУРЕТТЕР)

Колледждің қызметкерлері арасында дәстүрлі «Ұстаздар DRIVE» спартакиадасы өтті. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұжым мүшелері арасындағы ынтымақтастықты арттыру және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жарысқа пәндер бірлестіктерінен құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты волейбол жарысынан соң алты кезеңнен тұратын эстафеталық сайыстарға да кезек келді. Әр кезең қатысушылардан жылдамдықты, икемділікті, төзімділікті және өзара үйлесімді әрекетті талап етті. Командалар жарыс барысында жоғары белсенділік танытып, спорттық рух пен достық қарым-қатынастың үлгісін көрсетті.


Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 


   
361
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [✔] *:

Орынкүл
3 ақпан 2026 13:11
Эмоцияға толы еремет шара

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan