Жаңалықтар
01 сәуір 2026 ж, 09:10

Сұлулық пен өнердің тоғысқан кеші

    Көптен күткен «Колледж аруы – 2026» байқауы колледжімізде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл байқау – тек сұлулықты ғана емес, қыздардың білімін, өнерін, тапқырлығы мен сахна мәдениетін қатар бағалайтын маңызды шаралардың бірі.
     Байқауға колледждің белсенді, өнерлі және дарынды студент қыздары қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өнер көрсетіп, әр қырынан танылды. Байқау шарты бойынша олар таныстыру, шығармашылық өнер, сұрақ-жауап кезеңдерінде өздерінің жан-жақтылығын дәлелдеуге тырысты.
     Әділ-қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесі Күмісай  Құрманайға бұйырды. Ол өз өнерімен, сахнадағы еркіндігімен және білімділігімен ерекшеленіп, көрермендердің де, қазылардың да жоғары бағасына ие болды.
    Бірінші орынды Жаннұр Жақатқызы иеленсе, екінші орынға Ұлдана Серікбаева лайық деп танылды. Ал жүлделі үшінші орын Дильназ Давлетке бұйырды. Барлық қатысушылар өздерінің дайындық деңгейі мен өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    Аталған байқау колледж өміріндегі маңызды мәдени іс-шаралардың біріне айналып, жастардың таланты мен сұлулығын дәріптейтін, тәрбиелік мәні зор жарқын кеш ретінде есте қалды.

50
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan