Жаңалықтар
01 сәуір 2026 ж, 10:49

SMART – педагог, SMART – білім, SMART – болашақ

    Осы тақырыпта колледжімізде өткен апталық білім беру мен  заманауи технологияларды ұштастыруға бағытталып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды. Апталық аясында жасанды интеллект, цифрлық білім беру және заманауи педагогтың рөлі секілді өзекті тақырыптар кеңінен қамтылды. 
    Түрлі форматтағы іс-шаралар – конференциялар, шеберлік сабақтары, интеллек туалды сайыстар мен шығармашылық жобалар қатысушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етті. Студенттер өз білімдерін сынға салып қана қоймай, сыни ойлау, креативтілік және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсете білді.
    Атап айту керек, жасанды интеллектке арналған жобалар мен талқылаулар ерекше қызығушылық тудырды. Қатысушылар бұл бағыттағы өз көзқарастарын білдіріп, заманауи технологиялардың білім беру жүйесіндегі маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шығармашылық шаралар мен арт-терапиялық сабақтар студенттердің ішкі әлеуетін ашуға жол ашты. 
    Апталық барысында ұлттық және спорттық ойындардың ұйымдастырылуы да жастардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға сеп болды. Қорытынды кеште апталық бойы белсенділік танытқан студенттер марапатталып, олардың жетістіктері атап өтілді.
14
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan