Жаңалықтар
30 сәуір 2026 ж, 11:14
«Техникалық мамандықтар» апталығы
13–20 сәуір аралығында колледжімізде «Техникалық мамандықтар» бірлестігінің апталығы жоғары деңгейде өтті. Апталықтың басты мақсаты – жастардың ғылыми-техникалық ойлау қабілетін дамыту, кәсіби бағдарын айқындау және заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру.
Апталықтың ашылу рәсімі оқытушылар мен студенттерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шара барысында ғылым мен техниканың қоғамдағы маңызы, болашақ маман үшін білімнің рөлі кеңінен насихатталды.
Алғашқы күні қала мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Қонақтар колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, түрлі мастер-класстар мен тәжірибелік сабақтарға қатысты. Оқу орнының материалдық-техникалық базасы көрсетіліп, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар берілді.
Апталық аясында 1-курс студенттері арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сонымен қатар, «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы студенттері «Energy Skills – болашақ маман» сайысында өз кәсіби шеберліктерін шыңдады. Студенттер үшін тәжірибенің маңызы ерекше ескеріліп, бірқатар ашық сабақтар ұйымдастырылды. Облыс орталығындағы өндіріс орындарына экскурсиялар жасалып, білім алушылар құрылыс алаңдарында, өрт сөндіру бөлімінде, полиция басқармасында болып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тәжірибе жүзінде таныды.
Оқытушылар үшін «Білім беру үрдісінде ғылым элементтерін енгізудің маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Заманауи оқыту әдістері талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асты. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырылған семинар студенттер үшін маңызды ақпарат көзі болды.

12