Жаңалықтар
15 наурыз 2021 ж, 17:32
Жұмысқа – ұлттық киімде: Наурыз мерекесіне орай колледж қызметкерлері челлендж ұйымдастырды
Бүгіннен бастап Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің оқытушылары мен студенттері классикалық киім үлгісін ұлттық нақыштағы киім-кешекке ауыстырды. Челленджді бастаған педагогтар осылайша қазақтың ою-өрнегі бар қамзол-қапетті бір апта бойы кимек.
«Біз өзіміз ғана киіп қоймай, басқа оқу орнындағы әріптестерімізді де челленджді қолдауға шақырамыз. Себебі, қазақтың ұлттық киімін күнделікті өмірде қолдану, жаңа өң беру – құндылықтарды сақтаудың ең нәтижелі жолы. Ою-өрнекке көмілген киімдердің түр-түрін күнделікті қолданысқа енгізіп, трендке айналдыру өзімізден басталады»,- дейді оқытушы Жұлдызай Арғынбаева.
Естеріңізге сала кетейік, пандемияға байланысты биыл да Наурыз мейрамында халық көп шоғырланатын ойын-сауықтықтарға тыйым салынған. Сондықтан оқу орнында мерекелік іс-шаралар негізінен онлайн ұйымдастырылатын болады.

1 308
Директордың блогы
Жаңалықтар мұрағаты
| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||







