Жаңалықтар
23 наурыз 2021 ж, 12:29

Сыр елінің мұғалімі - Қазақстанның үздік ұстазы

Республиканың әр өңірінен жиналған үздік ұстаздар ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
 Үздіктердің қатарында Қазалы ауданындағы №249 мектептің ұстазы Жәмилә Әбжан құрметке бөленді.
 Тәжірибелі ұстазға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салтанатты түрде марапатты табыстады. Үздік ұстаз 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы иеленді.
Жәмилә Әбдінағиқызы – жоғары санатты педагог-зерттеуші. Білім Беру Ісінің Құрметті қызметкері, республикалық Білім Академиясының Құрмет грамотасының, халықаралық АКСЕЛС қоғамының Құрмет грамоталарының иегері. Педагогика саласында 32 жыл еңбек өтілі бар білікті ұстаз.
"Үздік Ұстаз", "Үздік авторлық бағдарлама" жинақтарының авторы.
 Жерлесіміз - Америка Құрама Штаттарының елшілігі мен Қазақстан Білім Министрлігі ұйымдастырған ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сайысында жүлдегер атанып, АҚШ елінің ұстаздарымен тәжірибе алмасуға жолдама алған ұстаз.
Шәкірттері халықаралық АКСЕЛС қоғамы ұйымдастырған сайыстың жеңімпазы ретінде АҚШ-та білім алған. Оқушысы Н.Оңдасов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ирландияның Дублин қаласында білім алуда. Оқушылары ҰБТ көрсеткіші бойынша жыл сайын жоғары балл жинақтап, мемлекеттік грант иегері атануда, делінген хабарламада.
Аймақ абыройын асырып, биік белеске шыққан ұстазды марапатымен құттықтаймыз!
1 141
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

tekei-batyr.kz
25 наурыз 2021 10:36
Құтты болсын! Жетістіктер көп болсын!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan