Жаңалықтар
23 наурыз 2021 ж, 13:23

Жерлестеріміз – республикалық гимназияданың жүлдегерлері

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасында шорт-трек спорт түрінен қызылордалық екі оқушы жүлдегер атанды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ абыройын асқақтатқан М.Дүйсенов атындағы №15 ІТ мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Ұлту Құрманбай «Орта жастағы жасөспірім қыздар 800 метр» бағыты бойынша ІІ орын, «Супер финал 1000 метр» ІІІ орын, «Көпсайыс» көрсеткіші бойынша ІІІ орынды иеленді.

 Ал, С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Қарақат Балмұханова «Орта жастағы жасөспірім қыздар 800 метр» бағытында ІІІ орынға лайық деп танылды.
 
Жеңімпаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қабылдап, әлемдік додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, биік белестерді бағындырған оқушыларға сәттілік тілеп, құрмет көрсетті. Басқарма атынан жеңімпаз оқушыларға электронды оқулықты сыйға тартылды. Сондай-ақ, жаттықтырушысы Марат Мұратбековке марапат табысталды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы 24 ақпан мен 12 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан және Петропавл қаласында биатлон, қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы, қысқы спорттық бағдарлау, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен сырғанау және шайбалы хоккей   ойын түрлерінен өтті.

1 022
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Кайрат
24 наурыз 2021 23:29
???кутты болсын!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan