Жаңалықтар
15 мамыр 2021 ж, 14:15

Ел мақтанышы – Элизабет

  Кеше Қызылордада Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжіне мəнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері  Элизабет Тұрсынбаеваның әке-шешесі Байтақ Тұрсынбаев пен Падишахан Сұлтаналиева ат басын тіреді.  
  Колледж басшысы ел мақтанышына айналған Элизабеттің жетістіктерін атап өтіп, оқу орны ұжымы мен студенттерінің саңлақ спортшыға деген құрметі ерекше екенін жеткізді.
  Құрметті қонақтар колледж базасымен танысып, қазіргі таңда еңбек  нарығына қажетті бәсекеге қабілетті жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау ісінің маңыздылығы зор екендігін атап өтті. 
  Жылы шұрайлы кездесу барысында тігін шеберлері Мақтагүл Орымбаева, Манат Бекетова мен Жанар Барақбаева арнайы Элизабетке дайындаған «T.E.B» белгісі бар эксклюзивтік жамылғысын оның ата-анасына тарту етсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ақын Ғабит Кәдірбай  жыр шумақтарын арнады.
Естеріңізге сала кетейік,  29 сәуір – 1 мамыр аралығында Қызылордада Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін мәнерлеп сырғанаудан рес­публикалық турнир өтті.   
1 053
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan