Жаңалықтар
13 қазан 2021 ж, 10:13
13 қазан: бұл күн ел тарихында
1929 жылы Солтүстік Қазақстан радиохабары алғаш рет эфирге шықты. Бүгінде облыстық радио бағдарламасын өңірдің барлық аудандары, сонымен қатар көрші Ресей облыстарының шекарадағы аудандары қабылдай алады.
1950 жылы Қостанай облыстық атқару комитетінің шешімімен Қостанай облысындағы Амангелді ауданының құрамында Арқалық жұмыс кенті пайда болды. 1956 жылы 27 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен ресми түрде жұмыс кенті статусына ие болды. 1965 жылы 30 маусымда Арқалыққа қала мәртебесі берілді.

1995 жылы Қазақстанда Диабет қауымдастығы құрылды. Ол 1996 жылы 176 ел біріккен Халықаралық диабет федерациясының құрамына кірді.
1999 жылы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы комитеті құрылды.
2010 жылы Аустралияның Канберра қаласында өткен Монета сарайлары директорларының 26-шы Конференциясында Қазақстанның «Барыс» монетасы «Ең әдемі монета» және «Технологиялық жағынан ең сәтті орындалған монета» аталымдарын жеңіп алды.
2015 жылы Таразда республикалық маңызы бар «Көне Тараз» археологиялық саябағы ашылды. Қазақ хандығының 550 жылдығы салтанаттарының ең ірі нысаны болып табылатын кешен құрылысының жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды.
2018 жылы қазақстандық спортшы Диас Бахраддин жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы Олимпиадада каноэнің дара жарысында алтын медаль еншіледі.

692