Жаңалықтар
25 наурыз 2021 ж, 18:48

Облыс әкімі Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» наградасының иегері Жәмилә Әбжанды қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы педагогика саласында тұңғыш рет берілген құрметті атақты облыс ұстаздарынан алғаш болып иеленген ауыл мектебінің мұғалімі Жәмилә Әбдінағиқызын құттықтап, мемлекет тарапынан ұстаздарға қолдаудың жоғары екенін айтып, айрықша құрметін жеткізді.
- Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Сындарлы сәтте ешбір қиындыққа мойымай, балаларға үздіксіз, сапалы білім беруде педагогтардың еңбегін ерекше айтуға болады. Облысымызда ұстаздық ұлы жолды мұрат еткен, шәкірт тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңіріп, педагогика саласына өлшеусіз үлес қосқан ұстаздар жетерлік. (...) Бұл марапатыңыз білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестеріңізге, жас педагогтарға ерекше сенім мен жігер береді деп сенемін, - деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Республиканың әр өңірінен жиналған үздік ұстаздар ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді. Тәжірибелі ұстазға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов салтанатты түрде марапатты табыстады. Үздік ұстаз 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы иеленді.


 
1 123
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *:

Орынкүл Асанқызы
25 наурыз 2021 19:41
Керемет бастама! Осындай құрметті атаққа лайықты ұстаздарымыз көп болғай!
tekei-batyr.kz
25 наурыз 2021 20:08
Орынкүл Асанқызы,
Я, лайым солай болгай!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
АО «НЦПК «Өрлеу»Некоммерческое акционерное общество «Talap»Управления образования КЗОҚазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігіАкимат Кызылординской областиСайт президентаРухани ЖаңғыруEgovDigital Kazakhstan